Аттестаттаудан кейін мемлекеттік қызметшілер саны қысқармайды

Аттестаттаудан кейін мемлекеттік қызметшілер саны қысқармайды

Аттестаттаудан кейін мемлекеттік қызметшілер саны қысқармайды
ашық дереккөзі
952
Аттестаттаудан кейін «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер саны қысқармайды. Бұл туралы еGov порталының «Ашық диалог» интернет-конференциясы барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Интернет арқылы қойылған сауалда Алматы облысының тұрғыны аттестаттаудан соң мемлекеттік аппарат штаты қысқармайды ма деген сұрақ қойды. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау нәтижелерінен соң мемлекеттік орган штатын қысқарту көзделіп отырған жоқ», - деп атап өтті Шпекбаев өз жауабында. Ол аттестаттаудың басты мақсаты - мамандардың кәсіби біліктіліктерін анықтау және алып отырған лауазым қызметтеріне сай не сай еместігін анықтау. Мемлекеттік қызметшілерді кешендік бағалау олардың біліктілік деңгейін, қызметшілердің құзырлылығын, дамытуды қажет ететін тұстарын анықтау үшін, сонымен қатар қызметте жоғарылатуға лайықты білікті қызметшілерді іріктеу үшін өткізіледі. 

Серіктес жаңалықтары