Гүлмира Ізбасқан бала күнінде жасалмаған рәсімді есейген шағында жасатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Ассалаумағалейкум. Менің тұсауым кесілмеген екен ғой. Бәсе, құлай беремін. 30 жастан асқан соң тұсау кескен қаалй екен?! Мама, тәй-тәй демейсіздер ме?!", - деді әнші.
Ер адам осы сәтте оның ту сыртынан келіп, аяға байлаған ала жіпті пышақпен кесті. Осы сәтте оған анасы батасын беріп, ақжарма тілек арнаған.
"2026 жылы саған табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулі, халықтың қалаулысы бол, қызым!", - деді әншінің анасы.
Осыдан кейін оның тұсауы кесілді. Ал әнші ақ матаның үстімен жүріп жердегі төрт заттың бірін таңдауға тырысты. Алайда ненің не екенін жақсы білетін ол бір ғана затты таңдауға жүрексініп, жердегі барлық затты көтеріп алды. Ол мұны: "Бұның бәрі - менің таңдауым" деп түсіндіруге тырысқан.
"Күйеуге шығасың енді", "Сыңарыңды тауып, бақытты бол, жаным", "Қадамыңа нұр жаусын", "Қаз-қаз балам, қаз балам, қадамыңды бас балам. Жүре бермей еркелеп, тұрмысқа шық тез, балам", - деп жазды желі қолданушылары әншінің әрекетіне қатысты.