"Сен – Жаратқанның сүйікті жаратылысысың": Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас отбасылық видео жариялады

/
"Сен – Жаратқанның сүйікті жаратылысысың": Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас отбасылық видео жариялады

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жылды бала-шағалармен бірге қарсы алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерекелік кештің қызықты сәттері түсірілген видеоны актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіге жүктеген. Сондай-ақ ол видео сипаттамасына балаларына арнап тілек жазған.

"Балаларыма:  Сен – Жаратқанның сүйікті жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат.  Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық. Жылқы жылы біздің ел үшін берекелі болары хақ. Себебі қазақтың мінезі де сәйгүлік сипатты, ұлт үшін киелі жануар.  Қашанда тек жақсылыққа, молшылыққа жорылған жыл. Біз қолдан келгенше қолдауға, қорғауға тырысамыз. Ал таңдау тек өздеріңде екенін білгейсіңдер", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолдауншыларын әдетте Жұлдыз бен Қайраттың қарым-қатынасы жиі алаңдатады. Бұл видео оларды мазалаған сұрақтарға жауап ретінде жарияланған сыңайлы.

"Бірге болғандарыңыз үшін қуаныштымыз", "Жұптарың жазылмасыншы, жандарым", "Отбасыларыңызға тек қана бақыт тілеймін", - деп жазды көпшілік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары