"Ой, сұмдық-ай": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың мобилографына қатысты сынға жауап берді

/
"Ой, сұмдық-ай": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың мобилографына қатысты сынға жауап берді

Көкшетаудағы концерт кезінде түсірілген Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр , деп хабарлайды turkystan.kz.

Диас Нұрмағамбетов есімді азамат жариялаған видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Онда Қайратты сахнада жүрген мобилограф жігіттен бас киімді тартып алғанын көруге болады.

"Көкшетауда өткен өнер көрсету кезінде Қайрат Нұртас көрермендерді күтпеген қылығымен таңғалдырды. Қатты суықтың әсерінен әнші әзіл ретінде мобилографтың бас киімін алып қойып, көрермендердің көңілін көтеріп, күлкі сыйлады. Бұл сәт концерттің ең көп талқыланған эпизодтарының біріне айналып, Көкшетаудың солтүстік климатын менсінбеуге болмайтынын айқын көрсетті", - деп жазылған көпшілік пабликтердің бірінде.

Алайда әншінің інісі видео сипаттамасында жазылған ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл менің бас киімім. Қайратқа бергенмін. Ол ән айтуға шыққанда мобилограф жігіт тонбасын деп бере тұрған. Шындық осындай", - деп жазды Аян Нұртас.  

Дәл осы пікірге қосымша әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да үн қатқан. Ол Қайратқа қатысты қауесет тарататындарға реніш білдірді.

"Ой, сұмдық-ай! Қайраттың әрбір қимылынан мін іздей беру сәнге айналды. Масқара ғой. Ол бөрік - Қайраттың туған інісі, менің 2-ші ұлым Аяндікі. Жолға шыққан кезде "Аға, басыңыз жылы жүрсін, күн өте суық" деп кигізіп, шығарып салған. Ал мобилограф менің інімнің баласы, демек Қайраттың нағашы інісі. Сахнаға шыққан соң уақытша кигізіп қойған, керек кезінде алып кию үшін. Халыққа деген құрметпен бас киімсіз шықты. Әйтпесе, "Мына боранда тымақтан түрін көре алмадық" деп шулайтын едіңіздер. Бұл жақтағаным емес, өзі киіп барған бас киім. Елдер репитицияда киіп жүргенін көрмеген болса, кеше историясына салған видеосын көрсін", -  деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары