Тауық сорпасының қандай пайдасы бар?

/
Тауық сорпасының қандай пайдасы бар?
сурет: istockphoto.com

Суық немесе тұмау тиген кезде тауық сорпасы ауруды емдемейді, бірақ ағзаның жағдайын жақсартуға көмектеседі. Бұл туралы британдық терапевт Сабина Доннай Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігердің сөзінше, ауру кезінде ағза терлеу, сілекей және мұрыннан бөлінетін сұйықтық арқылы су мен тұздарды жоғалтады. Мұндай кезде су-электролит тепе-теңдігін сақтау аса маңызды. Ол бұлшық еттердің, жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және қан қысымының тұрақтылығына жауап береді.

Тауық сорпасы ағзаға тек сұйықтықты ғана емес, сонымен бірге натрий, калий, кальций және магний сияқты электролиттердің бір бөлігін де қайтарады. Бұл әлсіреген кезде ағзаның негізгі жүйелерін қолдауға көмектеседі.

Маман сорпаға көк шөп, балдыркөк, сәбіз және сарымсақ қосылса, оның пайдасы арта түсетінін айтады. Мұндай сорпа ақуызға, дәрумендерге және пайдалы аминқышқылдарға бай болады. Мысалы, цистеин қақырықты сұйылтуға көмектессе, глицин қабынуға қарсы әсер береді.

Сонымен қатар, жылы сорпа тамақтың ауырсынуын басып, мұрынның бітелуін жеңілдетуі мүмкін. Ол жеңіл қорытылады және асқазанға артық салмақ түсірмейді.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары