Адам ауыр жұмыстан емес дұрыс демалмағаннан қажиды

/
Адам ауыр жұмыстан емес дұрыс демалмағаннан қажиды

Зерттеулерге сүйенсек, адам көбіне ауыр жұмыстан емес, дұрыс демалмағаннан қажиды. Диванда жатып әлеуметтік желі ақтару демалыс емес, миға ауырлық түсірудің басқа түрі. Ми әлі де ақпаратты өңдеп, шаршауын жалғастыра береді, деп хабарлайды turkystan.kz newscientist.com-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар «дұрыстап тынығу» (deep rest) деп аталатын күйді ұсынады. Бұл кезде ми мен дене «бәрі қауіпсіз, уайымдауға негіз жоқ» деген сигнал алады. Яғни ағза шын мәнінде қалпына келе бастайды.

Терең тынығуға көмектесетін қарапайым тәсілдер:
– бірсарынды әрекеттер: тоқу, пазл құрастыру, заттарды реттеу
– табиғат: телефонсыз серуен
– тыныс алу: 4 секунд дем алу – 6 секунд дем шығару (5 минут)
– менталдық тазалық: барлық істі қағазға жазып, телефонды 1 сағатқа сөндіру
– әлеуметтік тыныштық: қасында үнсіз отыруға болатын адамдармен бірге болу

Ғалымдардың айтуынша, жаңа жылдан кейін бәрін «көбейтуге» тырысатын кеңестер (көбірек спорт, көбірек хобби) жиі сәтсіз аяқталады. Ал дұрыстап тынығу, керісінше, денсаулықты сақтаудың тиімді жолы.

Қысқасы, кейде өнімді болудың ең ақылды тәсілі – дұрыстап демала білу.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары