Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы бауырына қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Барымызды бауырларымызбен бөлісе білейік, ағайын! Ешкім ешкімге міндетті емес, бірақ бауырды қуанышқа бөлеуді ұмытпау керек. Сондықтан қолымнан келгенше жақсылық жасап келемін. Қазір тосынсый жасағым келіп тұр», – деген әнші көліктің кілтін шығарып, ағасына тарту етті.
Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына тәнті болып, жылы лебіздерін жазды.
«Бауыр деген – бауыр етің. Жарайсыз аға, еңбегіңіздің жемісін көріңіз», «Қандай әдемі көрініс», «Қандай үлгілі, ғажап сәт. Көзге жас келді ғой. Манарбек ағамның тұлпары құтты болсын!», - деп жазды олар.