Биыл Қазақстанға 8,6 млн турист келген

/
Биыл Қазақстанға 8,6 млн турист келген

Қазақстанға қызығушылық танытқан туристер қатары артып келеді. Биыл 9 айдың өзінде елімізге 12 млн-нан аса мейман келген. Оның 9 млн-ға жуығы - шетел азаматтары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның тұмса табиғатымен танысқысы келетін саяхатшылар саны 10 пайызға ұлғайып, нәтижесінде ел қазынасына 260 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Мыңжылдық мұзға оранған қарт Алатаудың мұзарт шыңын көруге аңсары ауған туристер сапы жылдан жылға артып отыр. Мәселен, қаңтар айынан бері 8 млн 600 мыңнан аса шетелдік азамат Астана, Алматы қалаларын, Маңғыстау, Ақмола және Түркістан облыстарын аралаған. Дені Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен және көршілес елдерден келген.

- Биыл Қазақ туризм басымды 5 нарықта, оның ішінде Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Европа, Ресей елдерінде Қазақстанның ұсынылуын зерттеген болатын. Оның ішінде Қазақстанға турларға көп мән берілді. 5 мемлекетте Қазақстанға мыңға жуық тур болды. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 3 есе артық екені байқалады. Бұған визалық жеңілдектердің енгізілуі мен еліміздің халықаралық нарықтағы беделінің өсуі ықпал етіп отыр, - деді «Kazakh tourism» ұлттық компаниясы АҚ ресми өкілі Венера Мұстафина.

 Соңғы уақытта Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты да саяхатшылар назарына іліккен. Қатонқарағай ауылын, Рахман қайнарын көріп, «Бүркіт төбе» елді-мекеніндегі саятшылар сайысын тамашалауға ағылатын туристер аз емес. Олардың қатарында франциялық фототілші Мишель Нейру да бар.

 - Қатонқарағай жақта қазіргі уақытта жеңіл глэмпингтер салынып жатыр. Өйткені ол жақтың инфрақұрылымын қазір дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жақта аэропорт салынып жатыр. Одан бөлек ірі кәсіпкерлер санаторий, қонақ үй сияқты объектілерін жоспарлап жатыр, - деді Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбол Байжанов.

Министрлік дерегіне сенсек, ішкі туризм бойынша өсім, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 7 пайызға жеткен. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 7 млн-ға жуық азамат ел ішін аралап, оның 2,8 млн-ы ұлттық парктердің жұмысымен танысқан. Ішкі туризм – 6-7% Қаңтар-қыркүйек – 6,7 млн азамат 2,8 млн азамат – Ұлттық парктерге барған
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары