Ақтөбенің суығында видео түсірген Әбдіжаппар Әлқожа ауырып қалды

/
Ақтөбенің суығында видео түсірген Әбдіжаппар Әлқожа ауырып қалды

Әнші Жаңа жылдық құттықтауында сырқаттанып қалғаны жайында айтып өткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіге жүктеген видеосын таратуды өтінген. Бұл видеоны түсіру барысында қандай қиындыққа тап болғанын да жасырмады.

"Жақсы көретін жаныңызға үндемей осы видеоны жіберіп қойыңыз. Ол адам көрсе репост жасасын, репосттан көрген адам лайк қойсын, лайкты баса алмай отқан адам коммент жазсын. Болмаса бәрін бірден (бірге) істеңіздер. Әйтеуір бірдеме қылыңыздар мына әнді. Осы Ақтөбенің суығында видео түсіреміз деп (тәлпіштеніп) суық тигізіп алып. Енді тамағымды емдей алмай отырмын. Сосын монтажымды да бағалаңыздар. Мен сіздерді жақсы көрем! Жаңа жылдарыңызбен!", - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары