25-қабаттан құлаған әйел тірі қалды

/
25-қабаттан құлаған әйел тірі қалды
The Thaiger

Таиландта 26 жастағы әйел тұрғын үй кешенінің 25-қабатынан құлап, аман қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 28 желтоқсан күні таңертең ерте Паттайя курорттық қаласында болған. Көршілер қатты дыбысты естіп, биіктіктен құлаған әйелді байқап, құтқару қызметін шақырған. Жәбірленуші бассейннің жиегінен табылды — ол тірі болғанымен, ауыр жарақаттар алған. Дәрігерлер оны аса ауыр хәлде ауруханаға жеткізді.

Полицияның мәліметінше, әйел 25-қабатта шетелдік күйеуімен бірге тұрған. Құлар алдында ерлі-зайыптылар арасында қатты жанжал болғаны, оны көрші пәтер тұрғындары естігені анықталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның жазатайым жағдай болған-болмағанын немесе оған күйеуінің қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Құтқарушылардың болжамынша, қатты жел екпіні құлауды біршама жұмсартып, әйелдің тірі қалуына әсер етуі мүмкін. Жәбірленушінің күйеуі барлық мән-жайды анықтау үшін ұсталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары