Абақтыға тыйым салынған ірі көлемді затты алып кірмек болған адам ұсталды

/
Абақтыға тыйым салынған ірі көлемді затты алып кірмек болған адам ұсталды
polisia.kz

Алматыда тергеу изоляторына спирттік ішімдік өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №72 мекемесінің тергеу изоляторы жедел бөлім қызметкерлері режим және күзет бөлімімен бірлесіп, тұтқындағы күдіктіге 6 литр спирттік ішімдік өткізбекші болған әрекеттің жолын кесті.

Максим атты азамат ҚР ҚК-тің 194 бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша, яғни аса ірі мөлшерде қорқытып алу фактісімен ұсталған күдіктіге судың шөлмегіне спиртті ішімдік құйып өткізбекші болған.

Аталған факт бейнебақылауға тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары