Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

/
Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті
polisia.kz

Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.

- Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқаруда, – деді Серік Шумаев.

Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

- Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі, – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегі бойынша жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары