Павлодарлық жігіт бастығының кабинетінен қомақты қаражат ұрлаған

/
Павлодарлық жігіт бастығының кабинетінен қомақты қаражат ұрлаған
istockphoto.com

33 жастағы павлодарлық азамат басшысының кабинетінен ақша ұрлағаны үшін бір жарым жылға сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас жігіт компанияда 2025 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істей бастаған. Компания директорының айтуынша, қызметкерге сенім артылған, алайда ол бұл сенімді ақтамаған.

2025 жылдың 23 қарашасында менеджер жұмыс орнында жүріп, директордың кабинетіне кіріп, тумбаның ішінен 770 мың теңге салынған конвертті алып кеткен.

«2025 жылдың 24 қарашасында ол жұмысқа келген кезде директор оны өзіне шақырып, кабинеттен ақша ұрлаған сәті түсірілген бейнежазбаны көрсетті. Ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. 140 000 теңге көлемінде келтірілген материалдық шығынды ішінара өтеді. Азаматтық талапты толық көлемде мойындады», — деп көрсетілген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.

Сот үкімімен оған 1,5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары