Үш облыста жол жабық

/
Үш облыста жол жабық
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 08:30-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар 3 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысы

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылы –  Жымпиты ауылы).

Жетісу облысы

- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).

Маңғыстау облысы

- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 332-632 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Шетпе елді мекені).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 411 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары