Жапонияда 30 желтоқсанда магнитудасы 5,5 болатын күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жазылған.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 17:12-де Рюкю архипелагының аралдары маңында тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі шамамен 6,9 мың адам тұратын Вадомари елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде болған. Ошақ 10 км тереңдікте орналасқан.