Мөлдір Мұқан бейтаныс еркекпен көзге түсті

/
Мөлдір Мұқан бейтаныс еркекпен көзге түсті
jan_el_mebel парақшасынан

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанның белгісіз ер адаммен түскен фотосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы kznews.kz сайты жариялады.

Желіде тараған фотоларда Мөлдір Мұқанның бейтаныс ер адаммен бірге жүргені байқалады. Бұл кадрлар көпшілік арасында қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Көпшілігі Мөлдірден мұндай қадам күтпегендерін айтып, таңданыстарын жасырмады.

Пікір қалдырушылар: «Тұрсынбек басқаға үйленгенде, Мөлдір қарап тұруы керек пе?», «Бақытты болсын», «Бай тапқан ба? Құтты болсын!», «Қадірін білетін адам жолықсын», «Еркекке болады да, әйелге болмай ма?», «Тұрсынбек өзінен көрсін» – деген сарындағы ойларымен бөлісті.

Алайда Мөлдір Мұқанның жанындағы ер адамның кім екені әзірге белгісіз. Өнер иесінің өзі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары