Ерейментауда білім бөлімі 1700 мұғалімге 247 млн теңге жалақы төлемеген

/
Ерейментауда білім бөлімі 1700 мұғалімге 247 млн теңге жалақы төлемеген
istockphoto.com

Ерейментау ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында Білім бөлімінің еңбекақы төлемегені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтеліп, 1 732 мұғалімдердің еңбек құқықтары қорғалды.

Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары