Жолдағы көктайғақ: Ішкі істер министрлігі ескерту жасады

/
Жолдағы көктайғақ: Ішкі істер министрлігі ескерту жасады
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қауіпсіздік үшін:

  • аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды;
  • алыс сапарларды кейінге қалдыруды; жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;
  • қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз.

- Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары