Ақтөбеде зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция органдарына бірнеше егде жастағы азамат өздерінің атына белгісіз тұлғалар тарапынан несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінген.
«Тергеу іс-шаралары барысында банктердің бірінің менеджері несие бойынша төлем операцияларын жүргізу сылтауымен клиенттердің хабарынсыз қарыз рәсімдеп, олардың шоттарынан ақшалай қаражатты шешіп алғаны анықталды», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта алты жәбірленуші анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қажетті тергеу әрекеттері атқарылуда.