Астанада қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында болған жанжалдан кейін 18 жастағы жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасында алдымен ауызша жанжал туындап, ол кейін төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан жасөспірім ауыр дене жарақаттарын алып, кейін қайтыс болған.
Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамады», – делінген хабарламада.