Атырауда базар өртенді

/
Атырауда базар өртенді
istockphoto.com

Атырау қаласы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінің аумағында киім бутиктері өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ алғашқы бөлімшелері келген кезде контейнер түріндегі бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны, сондай-ақ өрттің көршілес бутиктерге таралу қаупі бар екені анықталды.

Өрт сөндірушілер базар аумағындағы өрттің таралуына жол бермеді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көршілес сауда нүктелеріне таралуына жол берілмей, өрт қысқа мерзімде 500 ш.м. алаңда сөндірілді.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары