Астана әуежайы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

/
Астана әуежайы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді
Көліктегі полиция департаменті

Жаңа жыл мерекесіне байланысты Астана әуежайы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әуежайдың қалыпты жұмысы мен жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты бірнеше қызмет бірден қарқынды кесте бойынша жұмыс істейді.

Елорда әуежайындағы өрттің алдын алу тобының жұмыс күні терминалдарды аралаудан басталады. Одан кейін күту аймақтары, сауда орындары мен қызметтік бөлмелер тексеріледі. Әсіресе дүкендер мен дәмханалар сияқты жалға алушыларға ерекше назар аударылады, мұнда өрт қауіпсіздігі, әсіресе Жаңа жыл қарсаңында, қатаң бақылауға алынады.

«Барлық жерде шыршалар, гирляндалар, түрлі әшекейлер пайда болады. Әрине, біз олардың сертификатталуын міндетті түрде тексереміз, яғни гирляндалар мен басқа да жарық элементтері өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай, талаптарды бұзбай жасалған болуы керек. Сондай-ақ бұл жаңа жылдық безендірулер адамдардың өтуіне және эвакуация жолдарына кедергі келтірмеуін қадағалаймыз», – деді өрт қауіпсіздігі қадағалауының бас инженері Вячеслав Попов.

Күшейтілген жұмыс режиміне авиациялық қауіпсіздік қызметі де көшеді.

«Бізге қосымша күш келеді – бір ауысымда шамамен 140 адам жұмыс істейді. Жүктің барлығы мұқият тексеріледі», – деп қосты авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторы Шыңғыс Совет.

Сонымен қатар жолаушылармен қосымша профилактикалық жұмыстар да жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары