Еліміздің екі спортшысы «Жылдың үздік боксшысы» атанды

/
Еліміздің екі спортшысы «Жылдың үздік боксшысы» атанды
Фото: ҰОК

Ұлттық құраманың өкілдері Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова "Жылдың үздік боксшылары" атанды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Сауалнаманы World Boxing ұйымы өзінің әлеуметтік желісінде өткізген. Ал ең көп лайк жинаған спортшы "Жылдың үздік боксшысы" атанды. Наталья Богданова 54 мыңнан астам лайк жинап, Үндістан, Норвегия мен Польша өкілдерінен 15 мың лайкқа асып түсті.

Ал Махмұд Сабырхан Өзбекстан мен Бразилия боксшыларынан озып, әлем бойынша жанкүйерлердің 323 мың лайкын жинады.

Айта кетері, биыл қыркүйек айында Сабырхан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Дәл осы жарыста Богданова да алтыннан алқа тақты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары