"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 28 желтоқсанда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы күтілуде, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.