Қазаққа "Қожа" есімімен белгілі актер өмірден өтті

/
Қазаққа "Қожа" есімімен белгілі актер өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Нұрлан Сегізбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай", - деп жазылған көңіл айту жазбасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары