Биржада доллар бағасы күрт арзандады

/
Биржада доллар бағасы күрт арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 7,44 теңгеге төмендеп, 504,6 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 26 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 512,81 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 502,19 теңге, сату бағамы – 506,58 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 499,78 теңгеден сатып алынып, 506,78 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 501,11 теңгеден сатып алып, 505,25 теңгеден сатуда.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 15 желтоқсанда доллардың орташа өлшенген бағамы 2,63 теңгеге төмендеді, 17 желтоқсанда 4,5 теңгеге төмендеді, 18 желтоқсанда 0,77 теңгеге төмендеді, 19 желтоқсанда 3,54 теңгеге өсті, 22 желтоқсанда 2,55 теңгеге төмендеді, 23 желтоқсанда 4,98 теңгеге төмендеді, 24 желтоқсанда 0,88 теңгеге өсті, 25 желтоқсанда 1,34 теңгеге өсті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары