Мейрамханадағы оқиға: қатысушыларға айыппұл салынды, полиция ескерту жасады

/
Мейрамханадағы оқиға: қатысушыларға айыппұл салынды, полиция ескерту жасады

Алматы қаласындағы бір мейрамханада орын алған оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода мейрамхана әкімшісі мен келуші арасында дау туындағаны көрініс тапқан. Алматы облысы Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған оқиға бойынша тексеру жүргізілді, қатысушылар анықталып, жауаптар алынды, жағдай толық зерттелді.

"Тексеру барысында тараптар оқиғаның эмоционалды жағдайдан туындағанын атап өтті. Олардың айтуынша, кейбір сөздер мен әрекеттер эмоция әсерінен жасалған және олардың шынайы көзқарасын білдірмейді. Сонымен қатар, оқиға барысында тараптардың бір-біріне жеңіл физикалық әрекет қолданғаны анықталды. Қатысушылар өзара кешірім айтып, татуласты және болған жағдайға өкінетіндіктерін білдірді. Сондай-ақ олар азаматтарды бір-біріне құрметпен қарауға, кез келген келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Тексеру нәтижесі бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Екі қатысушыға да кәмелетке толмаған бұзақылық әрекет фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен олар 20 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция ескертеді: тұрмыстық келіспеушіліктер, қарым-қатынас мәселелері немесе тілдік ерекшеліктер еш жағдайда да қақтығыс, провокация және қоғамдық тәртіпті бұзу үшін себеп болмауы тиіс. Ұлттық немесе тілдік тақырыптарды пайдаланып, дауды ушықтыру әрекеттері қоғам үшін қауіпті және қабылданбайды деп қарастырылады.

Қоғамымыздың негізі – өзара сыйластық, бірлік пен келісім. Бұл құндылықтар өзгермейтін, маңызды қағида болып табылады.

Алматы қаласы Полиция департаменті заң шеңберінде әрекет етіп, барлық азаматтардың теңдігін қамтамасыз етеді және ескертеді: қақтығыстарды ұйымдастыруға немесе ушықтыруға қатысқан тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады", - деп жазылған Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары