Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанды ерекше тілегімен қуантты (ВИДЕО)

/
Қарақат Әбілдина Мөлдір Мұқанды ерекше тілегімен қуантты (ВИДЕО)

Бұл жайында әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жариялаған видеода Қарақат Әбілдина ақжарма тілегін арнап, Мөлдірдің ұстанған бағытын ұнататынын айтқан.

"Халықпен бірге мені әлпештеп жүрген алыбым - қазақтың аймаңдайлысы Қарақат Әбілдина. Өнерге деген махаббатымды сезіп, әндеріме баға беріп, ән орындауыма бата беріп мені бүгін тағы да шабыттандырып қойды. Мен қандай бақытты жан едім, достаааааар. Қақатымнан осындай баға алғанда жүрегім жарылардай қуандым, шаттандым. Мен бақыттымыыыын.  Қыдырәлі ағам екеуіңіздің жақсылықтарыңызды ешқашан ұмытпаймын.  Сіздерге қарап бой түзеп, алға қарай жүре беремін. Сіздердей жандар барда қазақтың өнері шарықтай береді, ал сіздер бізге шабыт бере беріңіздер. Құрметті жанның мен үшін қадірлі пікірін парақшамда сақтаймын", - деп жазды Мөлдір Мұқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары