Шварценеггер қызының туған күнінде бұрынғы әйелімен қайта бас қосты

/
Шварценеггер қызының туған күнінде бұрынғы әйелімен қайта бас қосты

Голливуд актері әрі бұрынғы саясаткер Арнольд Шварценеггер бұрынғы жұбайы Мария Шрайвермен қайта бас қосты. Экс-ерлі-зайыптылар үлкен қызының туған күніне бірге келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туған күн иесі Кэтрин Шварценеггер отбасылық кешкі ас кезінде ата-анасымен бірге суретке түсіп, фотосын Instagram-да жариялаған.

Оның ағалары мен әпке-інілері де мерекеде болған. Танымал тұлға оқырмандарына олардың отбасы тату екенін бірнеше рет айтқан. Шварценеггер туыстарымен тек мерекелерде ғана емес, басқа күндері де жиі кездесіп тұрады. Актердің балалары да бірге демалып, қоғамдық іс-шараларға бірге барады.

«Терминатор» жұлдызы 1986 жылы Шрайверге үйленген. Шрайвер актерден Кэтрин мен Кристина атты қыздарын, сондай-ақ Патрик пен Кристофер атты ұлдарын дүниеге әкелді. Экс-жұп ажырасқаннан кейін де қалыпты қарым-қатынас орната алды. Артистің айтуынша, ол журналистке балалары үшін және бірге өткізген жылдары үшін әрдайым алғыс білдіреді.

Бұрынғы саясаткердің некесіз ұлы Джозеф те бар, оны оның үй қызметшісі Милдред Патрисия Баэна туған. Бала 1997 жылы дүниеге келген, ал 14 жылдан кейін ғана отбасылық терапия кезінде психологтың қатысуымен актер әйеліне жасөспірімнің әкесі өзі екенін мойындаған. «Терминатор» жұлдызының сөзінше, бұл ақпарат Шрайверді «жаншып тастады» қатты күйзелтті және ол ажырасуға өтініш берген. Шварценеггер бұрынғы жұбайына көп ауыртпалық келтіргені үшін өзін әлі күнге дейін кінәлайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары