Кәсіпкерлер 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр – Президент

/
Кәсіпкерлер 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр – Президент
istockphoto.com

Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Тараз жұртымен кездесуде кәсіпкерлерге жасалып жатқан жағдай туралы айтты. Президент бБизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болатынын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалуда. Бірінші қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Салық жүйесі бақылау-жазалау тәсілінен бизнес өкілдерімен сенімді серіктестік орнату тәсіліне көшуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған міндет. Облыстардағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл жоба, ең алдымен, ауылдар мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады. Бүгінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Кәсіпкерлер 4,5 миллионға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – еліміздегі еңбекке жарамды азаматтардың жартысына жуығы деген сөз. Өндіріс саласы тың серпінге ие болды. Елімізде белгілі шетелдік және отандық компаниялар ойдағыдай жұмыс істеп жатыр, ірі өндіріс орындары ашылуда. Биылдың өзінде 33 зауыт іске қосылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары