Бір жылдан астам уақытқа созылған тергеуден кейін Айгүл Сайлыбаеваны өлтірген күдіктілер Мәскеуде ұсталды, алайда олардың Қазақстанға экстрадициялануы ұзаққа созылуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Марқұмның ағасының айтуынша, Александр Донцов пен оның анасы Наталья Мәскеуде полицияға жеткізілген.
«Александр Донцов пен оның анасы Натальяның жеке тұлғалары анықталып, Мәскеуде полицияға жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Қазір оларды Қазақстанға беру мүмкіндігі мәселесі қаралатын болады. Дипломатиялық қиындықтар мен бірнеше азаматтықтың болуы ескерілетіндіктен, барлық рәсімдер ұзақ уақыт алуы мүмкін», — деді ол.