1,2 млн теңге: Павлодар тұрғыны квадроцикл сатып аламын деп алданып қалған

/
1,2 млн теңге: Павлодар тұрғыны квадроцикл сатып аламын деп алданып қалған
istockphoto.com

Павлодар тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде квадроциклдер мен мотоциклдерді сату туралы жарнаманы көріп, сатушымен телефон арқылы байланысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сатушы тауарды жеткізіп беретін болып, 1 200 000 теңгеге келіскен. Сатып алушы  тауар құнын толығымен төлеген. Алайда тауарды алмаған.

Тараптардың хат алмасуы олардың арасында сатып алу-сату шарты бойынша құқықтық қатынастардың бар екенін растады. Талап қоюшы қаражатты аудару арқылы өз міндеттемелерін орындады. Келтірілген дәлелдемелерді және істің мән-жайын бағалай отырып, сот талап қоюшының талаптары заңды және негізді деген қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырды және жауапкерді төленген ақшаны қайтаруға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары