Қыдырәлі Болманов "Намыс" орденімен марапатталды

/
Қыдырәлі Болманов "Намыс" орденімен марапатталды
ашық дереккөзден

Белгілі қоғам қайраткері, продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов мемлекеттік орденмен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайлы әнші әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” орденімен марапатталдық. Құрметті көрермен, бірінші Алла , 2-ші сіздердің тілек-дұғаларыңыздың арқасы ғой… Алла разы болсын қазақ елі», - деп жазды продюсер Болманов.

Сонымен қатар, "Ұлытау" тобының мүшелері төсбелгімен марапатталды. Әншінің өнердегі де өмірдегі де жұбы Қарақат Әбілдина ерекше құттықтау тілегін жазды.

"Ар-намысын бәрінен жоғары қоя білген асыл азаматыма басқа емес, "Намыс" орденінің берілгені лайықты әрі жарасымды. Қуаныштымыз! Тілектеріңізге мың алғыс. Ұлытау тобы, сендер біз үшін өнерлеріңмен де, адамгершіліктеріңмен де биіктесіңдер. 27 жыл сахнада жүргенде алған алғашқы төсбелгілерің құтты болсын!", - деді Қарақат Әбілдина.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары