Қостанай облысында асыл тұқымды жылқыны ұрлау дерегі жедел ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің, сондай-ақ бейнебақылау камераларының көмегінің нәтижесінде құны 2 млн теңге болатын асыл тұқымды жылқы қылмыс жасалғаннан кейін алғашқы сағаттарда-ақ иесіне қайтарылды.
23 желтоқсан күні Қарабалық кентінің тұрғыны полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз тұлға шаруашылық қора-жайға заңсыз кіріп, алты жастағы сұр түсті асыл тұқымды айғырды жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын 2 млн теңге көлемінде бағаланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" анықтап, ұстады.
Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған жылқы заңды иесіне қайтарылды.