Мөлдір Жаңбырбай каратэшілер арасындағы әлемдік рейтингіде өз дивизионындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды.
2023 жылы әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы 50 келі салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингіде бірінші орында келеді.
Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әлем чемпионы атағынан бөлек ол 2021 жылы кумитеден Азия чемпионы атанса, сол жылы командалық кумитеден қола жүлдеге ие болды. Ал 2023 жылы кумитеден Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол созды.