Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жанкүйерлеріне елордада алған пәтерін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Room tour. Сіздер үшін үйімнің есігі ашық. Жүз пайыз жайғасып үлгермесек те, төрлетіңіздер!", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Көпшілік оны қоныс тойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
Желі қолданушылары "Құтты болсын, іші толған бақ-береке болсын, бізге де жұғысты болсын!", "Құтты, берекелі баспана болсын, Жұздыз ханым" деген сыңайда құттықтау жазды.