Әріптесінің атына 2 млн теңге несие рәсімдеген азамат сотталды

/
Әріптесінің атына 2 млн теңге несие рәсімдеген азамат сотталды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында ер адам өзінің әріптесін алдаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы 2025 жылдың тамыз айында Жаңатас қаласындағы «Су-Жылу» мекемесіне жүргізуші болып жұмысқа орналасқан. 2025 жылдың қыркүйегінде күзетші – жәбірленуші өзінің телефоны дұрыс істемейтінін айтып, сотталушыдан телефонын қарап беруді сұраған. Сотталушы телефонның дұрыс істемейтінін айтып, жәбірленушіге «телефонымызды айырбастайық» деген. Жәбірленуші келіскен. Сөйтіп екеуі SIM-карталарын ауыстырып салып алған. Сотталушы жәбірленушінің телефонындағы «Халық банк» мобильдік қосымшасына кіріп, жәбірленушінің атына үш жылға 2 млн теңге несие ресімдеген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, залалды өтеуге дайын екенін хабарлады.

Жәбірленуші залалдың өтелмегенін айтып, азаматтық талап қоюды қанағаттандыруды сұрап, шешімді соттың қарауына қалдырды.

Сот үкімімен айыпталушы ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге көлемінде материалдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары