Үкімет ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

/
Үкімет ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті
Үкімет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов төрағалығымен өткен Үкімет отырысында микро және шағын бизнесті қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады

Премьер-министр Үкімет отырысында алдымен қазақстандықтар «Цифрлық бюджет» платформасы арқылы өздерінің салық аударымдарының аудандарды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алатынын атап өтті.

«Салық төлеуші "Цифрлық бюджет" арқылы аударым қаражатының өзі тұратын ауданды көркейтуге қалай әсер етіп жатқанын көре алады. Біз шағын бизнестің әлеуетін барынша ашуды мақсат етіп отырмыз.

Бюджеттің кіріс бөлігін жаңа салық-бюджет саясаты есебінен ұлғайту қосымша қаражатты қазақстандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді. Осыны тағы да баса айтқым келеді», — деді Олжас Бектенов.

«Бәйтерек» холдингіне «Атамекен» палатасымен бірлесіп, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқыту мен оларға сервистік қолдау көрсетуді ұйымдастыруды тапсырылды.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітілді

«Іскер аймақ» бағдарламасы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктеріне дер кезінде жасалған жауап екені атап өтілді.

«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз.

Біздің мақсатымыз – тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету», — деп атап өтті Премьер-министр.

Қаржы министрлігіне «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет.

Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды (бюджеттің 70%-ы) бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

Олжас Бектенов шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға және үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет екенін айтты

«Шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына мүмкіндік жасаған жөн. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу маңызды іс екенін атап өткім келеді», — деді Олжас Бектенов.

Мәселен, Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті дамытуға 25,5 млрд теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмаған, қала үшін неғұрлым басым бағыттардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берді.

Табысты мысалдардың бірі ретінде қалада жылдық 6%-ға дейін жеңілдікті несиелер беру арқылы шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту ісін айтуға болады.

Осы оң тәжірибені бүкіл еліміз бойынша кеңінен тарату қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, Үкіметте «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыру тетіктері айқындалды.

Қаржы министрлігіне Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды, бұл ретте Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет. Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін  қалыптастыруы қажет.

Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады

Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті.

«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуатарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.

Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.

Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды қамтамасыз етеді

 «Бизнесті оңайлатылған декларация режимін қолданатын жеткізушілермен жұмыс кезінде шығыстарды шегеруге тыйым салу мәселесі алаңдатып отыр. Бұл – шамамен 400 мың шағын және микробизнес өкілінің мүддесіне қатысты.

Аталған санаттағы кәсіпкерлер өз кәсібінің болашағына алаңдамауы тиіс.

Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің сервистік моделін енгізіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы оларды қолдап отыруы қажет.

Сонымен қатар Ұлттық банкпен бірлесіп, шағын бизнес  үшін салық есептілігін автоматты түрде толтыруды жедел түрде қамтамасыз етсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлері кеңейтілуде

Премьер-министр Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады», — деді Премьер-министр.

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» жүргізіледі

Президент тапсырмаларын және жүргізіліп жатқан салық реформасын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет салықтық әкімшілендіру жүйесін қайта жүктеуге кіріседі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салықтық әкімшілендіру "таза парақтан" жүргізіледі.

Бұл шаралар барлық микро және шағын бизнес субъектілеріне оң әсерін тигізеді.

Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды және ақпараттық жүйелердің дайындығын қамтамасыз ете отырып, бүкіл ұйымдастыру шараларын жедел түрде жүргізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Үкіметте «Іскер аймақ» шағын және шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында бухгалтерлерге арналған бағдарламаны іске қосу бастамасы қолдау тапты

 Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және микробизнесті тегін оқыту және кеңес беру бағдарламасын іске қосу жөніндегі кәсіби қоғамдастықтың бастамасын қолдады.

«Іскер аймақ» негізінен моно, шағын қалалардағы және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қолдау шараларын іске асыру шағын бизнес субъектілеріне айналым қаражатын толықтырып, борыш жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, бағдарлама шеңберінде банктік несие бойынша номиналды мөлшерлеменің шамамен 9%-ын субсидиялау көзделген: Екінші деңгейлі банктердің ағымдағы номиналды мөлшерлемесі – 22%, субсидияланатыны – 8,8%.

Бірыңғай бағдарламаның жаңалықтары мен ережелерін бизнес субъектілеріне қарапайым тілмен түсіндірудің маңыздылығы атап өтілді.

Бухгалтерлер Одағының бизнесті тегін оқыту мен кеңес беру бағдарламасын іске қосу жөніндегі игі бастамасына назар аударылды.

«Бүгін Бухгалтерлер одағы бизнесті тегін оқыту және кеңес беру бағдарламасын іске қосу жөнінде игі бастама көтерді.

Мемлекеттік органдарға бұл процесті толық қолдап, жәрдем көрсетуді тапсырамын.

Жұмыс барлық жерде, тіпті ауыл-аймақтарға дейін жүргізілуге тиіс. Бухгалтерлер одағы, салалық қауымдастықтар мен ұйымдар мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдіктердің қажетті инфрақұрылымын пайдалана алады», — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет бизнес үшін салық төлеуден жалтарғаннан гөрі, таза жұмыс істеп, оны төлеу тиімді болатындай жағдай жасамақ

Фискалдық органдар жұмысына баса назар аудару бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын ала ескертуге бағытталуы керек

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған «Іскер аймақ» шағын және микро бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін атап өтті.

«Қаржы министрлігі әсіресе, мемлекеттік кірістер органдары жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертуі керек екенін тағы да атап өткім келеді. Бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын ала ескертуге баса назар аудару керек. Фискалдық органдар салық төлеушілер үшін серіктеске айналуы қажет.

Біз бәріміз бірге бизнес үшін салық төлеуден жалтарғаннан гөрі, таза жұмыс істеп, оны төлеу тиімді болатындай жағдай жасаймыз.

Бұл бағытта кешенді әрі үйлесімді жұмыс жүргізуі тиіс.

Біз әрі қарай да цифрлық платформаларды дамытып, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеміз, инклюзивтілікті қолдап, орнықты өсу үшін шағын бизнесті қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары