«Шықпайтын болдым»: Қанат Ислам маңызды мәлімдеме жасады

/
«Шықпайтын болдым»: Қанат Ислам маңызды мәлімдеме жасады
instagram.com/islamkanatqazaq/

27 желтоқсанда рингке шығуы тиіс болған 41 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Тиісті мәлімдемені спортшы әлеуметтік желіде жариялады.

«Құрметті жанкүйерлерім, 27-сі күні өтуі тиіс Алматыдағы бокс кешіне мен шықпаймын. Бұл жағдай әртүрлі себептерге байланысты туындады, соның ішінде қарсыластарымызға қатысты жайттар да бар. Барлығы ойдағыдай болса, жекпе-жегіміз шамамен бір жарым айға шегеріледі. Нақты күн белгілі болған сәтте сіздерге хабарлаймыз», — деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 27 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізуі тиіс болған.

Қанат Ислам бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe белбеулерінің иегері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары