Жәнібек Әлімханұлы барлық титулдан айырылуы мүмкін

/
Жәнібек Әлімханұлы барлық титулдан айырылуы мүмкін
ашық дереккөзден

IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан боксшы барлық титулынан айырылып қалса, оның мансабы қалай жалғасатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Шынымды айтсам, бізді екі түрлі шешім күтіп тұр. Кәсіпқой бокс — үлкен бизнес. Біз Қазақстанның туын көтергіміз келеді, бірақ шетелде бокс көбіне ақша табудың құралы. Біз екі шешімді күтеміз: 8 қаңтарда “В сынамасы” ашылып, бәрі таза екені анықталса, бізді титулдардан айырмайды, әрі әлемдік бокста мансабымызды жалғастырамыз. Егер қаннан немесе зәрден қандай да бір жолмен тыйым салынған заттар табылса, онда Жәнібек Әлімханұлын екі титулдан айырады да, қанша уақытқа екенін білмеймін, бірақ мүмкін 1,5 жылға, 1 жылға немесе 6 айға бокстан шеттетуі ықтимал. Ондай жағдайда біз күйзеліске түспеуіміз керек — жазадан кейін бокста жолымызды жалғастырамыз. Әлі кеш емес. Жәнібек небәрі 33 жаста. Кеше ғана 38 жастағы Кроуфорд “Канелоны” жеңді, 38 жастағы Усикті білесіз, Бивол бар, Бетербиев бар", — деді Б. Сұлтан.

Айта кетейік, бұған дейін допинг-тест нәтижесі бойынша Әлімханұлының қанынан тыйым салынған мельдоний заты табылған. Осыған байланысты қазақстандық боксшының кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақта үш әлем чемпионы атағы үшін өтуі тиіс жекпе-жегі тоқтатылды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары