“Қазгидромет”: Қазақстанда көктайғақ және боран болады

/
“Қазгидромет”: Қазақстанда көктайғақ және боран болады

23 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа райы күрделене түседі. “Қазгидромет” дерегінше, кей өңірлерде көктайғақ, қар, жаяу бұрқасын, тұман және қатты жел болжанады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана
23 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы
Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын, ал батысы мен солтүстігінде қар, боран болады. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кейде 25 м/с.

Көкшетау: таңертең және күндіз жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы
Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы мен Қонаевта: 23 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Павлодар облысы
Облыстың батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы
23 желтоқсанда облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, солтүстік-батыста 15-20 м/с.

Өскемен: түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, түнде екпіні 15-18 м/с.

Абай облысы
Облыстың солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, солтүстік пен орталықта 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы
23 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде қар, боран, ал солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл: күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с.

Қостанай облысы
Түнде облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Күндіз де қар, боран, көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың батысы, солтүстігі және шығысында 15-20 м/с.

Қостанай: күндіз қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы
23 желтоқсанда облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысы
Облыстың оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент пен Түркістанда 23 желтоқсанда кей уақытта тұман болады.

Маңғыстау облысы
23 желтоқсанда түнде облыстың орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады.

Ақтау: түнде және таңертең тұман күтіледі.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары