Алматыда журналистердің екі айға жалқасқан тренингі аяқталды

Алматыда журналистердің екі айға жалқасқан тренингі аяқталды
gov.kz

Еліміздің медиасаласында заманауи технологияларды пайдалану бойынша журналистерге арналған тренингтер сериясы аяқталды. Екі ай бойы іс-шаралар Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларында өтті. Оған елдің тоғыз өңірінен 50-ден астам БАҚ өкілі қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тренинг бағдарламасы тәжірибе жүзінде кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталды. Атап айтсақ, контентті әртүрлі платформаларға бейімдеу, фактчекинг, деректерді талдау және редакциялық жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану үйретілді. Басымдық мультимедиялық контентке, медиаэтикаға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын енгізу мен әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге берілді.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Тренингке қатысушылар тапсырмалар орындап, кейстерді талдап, оқыту соңында жобаларды қорғады.

Спикерлер қатарында «Кселл» АҚ және Ericsson компаниясының өкілдері болды. Олар телекоммуникация саласының дамуындағы жаңашылдықтарды айтып, цифрлық трансформацияны халыққа жеткізуде БАҚ рөлін ерекше атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары