Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшы Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, автокөлік табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қуанышты әрі маңызды сәт Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясында болды. Сондай-ақ, биылғы жылы әлемдік аренада Қазақстанның абыройын лайықты қорғаған #AlmatyBoxingTeam командасының өзге де өкілдеріне құрмет марапаттар мен ақшалай сыйақылар табысталды
«Бүгін Алматы Бокс федерациясы әлем чемпионаттарының нәтижесі үшін көлік сыйлады.
Федерация ұжымына еңбегімізді елеп, осындай керемет қолдау көрсетіп жатқандарыңызға, көп-көп рақмет!», - деп жазды А. Балқыбекова.