208
Трампқа қарсы "Салық шеруі" өтті
Трампқа қарсы "Салық шеруі" өтті
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мыңдаған адам президент Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясына шықты деп хабарлайды 24.kz.
«Салық шеруі» деп аталған шара президент Трамптың салық декларациясын жариялаудан бас тартуына байланысты ұйымдастырылды.
Себебі бұл АҚШ-та «салық күні» болып саналады. Мұндай акция елдің көптеген қаласында және Азия мен Еуропа шаһарларында да өтті. Айта кетейік, наурыз айында Ақ үй басшысының 2005 жылғы салық декларациясы жарияланған.
Бірақ 2016 жылы сайлау науқаны кезінде Трамп өз кірісін жария етуден бас тартқан болатын. Ал Ақ үй басшысы өзінің мұндай әрекетін «құжаттың бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа ешкімге қызықты емес» деп түсіндірген еді.
Рон Уайден, сенатор:
- Біз бүкіл ел аумағында шерулерге шығып, салық декларациясын жариялаудағы олқылықты жоюдың мерзімі жеткенін айтқымыз келеді. Президент те өзінің салық декларациясын жария түрде көрсетуі тиіс.