Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін жерлер анықталды

/
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін жерлер анықталды
112

Шығыс Қазақстан облысында жауған мол жауын-шашын, сондай-ақ желді және температуралық тұрғыда тұрақсыз ауа райы қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қардың өздігінен түсу қаупін туындатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қар көшкіндерінің өздігінен түсуінің алдын алу мақсатында ШҚ филиалы «Қазселденқорғау» мамандары «Өскемен — Горная Ульбинка — Северное» автожолында профилактикалық түсіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жол демалыс базалары орналасқан аймақта өтеді, демалыс күндері мұнда тауда қысқы демалысты ұнататын азаматтар көптеп келеді. Қар жиналу аймақтарында қар жамылғысының қалыңдығы 40–50 см-ге жетіп, көшкін қаупі қалыптасты.

Нәтижесінде 2 профилактикалық түсіру жүргізіліп, 560 текше метр қар түсірілді.

Автожол тазартылып, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары