Алмат Сақатов: Мен де сырға тағып, шаш бояғанмын

/
Алмат Сақатов: Мен де сырға тағып, шаш бояғанмын
Скриншот

Талантты актер Алмат Сақатов «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында ел біле бермейтін оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жас кезінде шашын боятып, сырға таққанын ерекшелену мақсатында жасағанын айтты. 

«Құлағымды актер Ғани Құлжанов тескен. Бір кездері Алматыға концертпен Виктор Цой келеген-тін. Сәбит Мұқановтың немересі, музыкант Кәрім Мұқановтың үйіне қонақ болып келгенде есігінің алдында күтіп отырдық. Содан Виктор Цой сыртқа шыққанда қасындағы барабаншысының құлағында сырғаны көрдім.

Ол кезде 20 жастағы баламын. Ерекшеленгім келетін. Қазір жастар ерекше болу үшін қарапайым, тәрбиелі және тәртіпті адам болу керек қой. Себебі қазір сырға тағып ешкімді таңқалдыра алмайсын. Біздің кезімізде бәрі керсінше болды.

Шашымды екі жағынан алып, химия жасаттым. Құлақты тестіремін.

Сол заманда күзде барып көмектесетін театрландырылған ауыл шаруашылығы болатын еді ғой. Сонда Ғанилардың курсына түстім. Ғаниға құлағымның тескім келетінін айттым. Ол да заманауи болып жүретін жігіт болды. Ол «Әкел маған. Мен тесіп берейін» деді. Қыздардан ине мен жіп сұрап алды да тез тесе салды. Ал мен шаң-тозаңның арасында жүзім теріп жүрген соң, қүлағым үлкен болып ісіп кетті. 5-6 күннен кейін күміс сырға тауып әкеліп, тағып алып жүргенмін», - деді ол.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары