Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданына қарасты Саралжын ауылында бір үйір жылқының қырылып қалғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, өткен демалыс күндері өңірде боранды түні жылқылар су айдынына түсіп кетіп, сыртқа шыға алмай қалған
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты кейбір жануарларды мұз құрсауында қалған, ал жылқылардың басым бөлігі қырылып қалған.
Аталған ақпаратты Қазталов ауданының әкімдігі растады. Қазіргі уақытта қырылған мал саны есептеліп, келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.