Индонезияда он жастағы бала қолтырауынға жем болды

/
Индонезияда он жастағы бала қолтырауынға жем болды

Оқиға 16 желтоқсанда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы VOI басылымы жазған.

 Афан есімді бала Инггой өзенінде шомылып жүрген кезде болған. Кенет су бетіне қолтырауын шығып, баланы су астына тартып әкеткен.

Куәгерлер бірден құтқарушыларды шақырды. Кешкі уақытта мамандар оқиға болған жерді тексеріп, жағалау бойында іздестіру жұмыстарын бастады. Сонымен қатар құтқарушылар үрлемелі қайықтармен өзенді шолып шықты. Іздеу жұмыстарына жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да дәстүрлі ұзын қайықтарымен қосылды.

Оқиға орнында екінші қолтырауынның пайда болғаны туралы хабарларға байланысты жұмыстар ерекше сақтықпен жүргізілуде. Операцияға жыртқыш қайта оралған жағдайда көмектесу үшін жергілікті қолтырауын аулаушылар да тартылды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары