Қазақтың бұлбұл әншісі атанып кеткен Бибігүл Төлегенова жұлдызды жұптың тұңғыш ұлына бата берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осыдан жиырма бес жыл бұрын Бибігүл Төлегенова Бекболат Қыдырәліұлының тұсауын кескен екен.
"Бүгін тұңғышымыз @bolmanov86 25 жасқа толды. Аллаға шүкір! Бекболатымыздың тұсауын кезінде қазақ ән өнерінің абызы, аңыз тұлға
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова апамыз кесіп, ақ батасын берген еді. Бұл - жүрегімізде мәңгі сақталған тарихи күн. Міне, күні кеше 96 жасқа толған асыл апамыздың тағы да ақ батасын алу нәсіп болып, сол бір ізгі тілегі көңілімізді қуанышқа бөледі. Ұлым @bolmanov86 туған күнің құтты болсын! Алдыңнан тек ақ ниетті жандар жолықсын. Жүрегің иманға, ойың парасатқа толсын. Қадамдарың берік, бағың ашық болсын. Аңыз адамның ақ батасы өмір бойы жебеп жүрсін", – деді Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бибігүл Төлегенова жұлдызды жұптың ұлына жүрекжарды лебізін жеткізді.
"Айналайын, Қыдырәлі мен Қарақат! Балаларыңның алды үлкен жігіт болуымен құттықтаймын! Айналайын, Бекболат, балапаным, кеше ғана тұсауыңды кескен сияқты едім. Бүгін жиырма бес жасқа келіп қалыпсың. Денің сау болсын", – деді аты аңызға айналған әнші.