2026 жылы «Smart Turmys» коммуналдық қызмет платформасы іске қосылады

/
2026 жылы «Smart Turmys» коммуналдық қызмет платформасы іске қосылады
istockphoto.com

Қазақстанда «Smart Turmys» бірыңғай цифрлық сервисі құрылуда. Ол су, жылу, электр, газбен жабдықтау және қалдықтарды шығару қызметтерін «бір терезеде» біріктіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде ТКШ саласын цифрландыру жөніндегі жоспарлар туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясында хабарлады.

Жоба тұрғындардың коммуналдық қызметтермен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге және түрлі инстанцияларға жүгінушілер қатарын азайтуға арналған.

«Біз цифрландыру көзалдау үшін емес, нақты болуы үшін процестерді толық реинжиниринг жасадық. Жүйені іске қосу 2026 жылға жоспарланған, бұл есептеулердің ашықтығын және тұтынушылар үшін ыңғайлылықты қамтамасыз етеді», — деді Жәннат Дүбірова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары